date

Өзбекстан спортшылары Бахрейнде жаңа рекордтар мен жеңістер тіркеді

Өзбекстан спортшылары Бахрейнде жаңа рекордтар мен жеңістер тіркеді

Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатқан III Азия жастар ойындарының кешегі жарыстары өзбекстандық спортшылар үшін нағыз триумфқа айналды. 28 октябрь күні ұлттық құрама өкілдері барлығы 13 медальді - 5 алтын және 8 қола жүлдені жеңіп алды.

Күннің ең жарқын жеңістері ауыр атлетика, еркін күрес және велоспортта тіркелді. Велоспортта Гулхаё Сатторова топтық жарыста барлық қарсыластарын артта қалдырып, Өзбекстан делегациясына кезекті алтын медальды сыйлады.

Ауыр атлетика сайыстарында Маржона Абдумуталова нағыз сенсация жасады. Ол жұлқа көтеруде 131 келі, серпе көтеруде 111 келі нәтиже көрсетіп, екі рет алтын медаль иегері атанып, жарыс рекордын жаңартты.

Еркін күрес сайыстары да өзбекстандық ұл-қыздар үшін сәтті аяқталды. Мухлиса Машарипова (-40 кг) финалда жапондық қарсыласын жеңіп, чемпиондық тұғырға көтерілді. Сондай-ақ, Улуғбек Рашидов (-51 кг) Иран өкілін жеңіп, жастар арасында Азия чемпионатын жеңіп алды.

Осы күні жерлестеріміз бірқатар қола медальдарды да жеңіп алды. Еркін күресте Миржалол Мукаммилов (-45 кг), Мехрибона Қудайназарова (-46 кг), Фахриддин Насриддинов (-60 кг) және Фаррухбек Жуманазаров (-71 кг) қола медальға ие болды.

Жүзуден 200 метрге брасс әдісімен сынға түскен Мухаммадисмоил Рахмонов та тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. Ауыр атлетикада Сарвиноз Купайсинова (-63 кг), бокста Улбосин Жалғасбаева (-66 кг) және Назокат Мардонова (-50 кг) қола медальдарды жеңіп алды.

Осы нәтижелермен өзбекстандық жас спортшылар Бахрейнде өтіп жатқан Азия ойындарында өз әлеуетін тағы бір рет көрсетті. Қазіргі таңда құрама командамыз жалпы кестеде белсенді қатысушылардың қатарында болып, жалпы медальдар саны бойынша жетекші ондыққа кірді.

ҰОК мәліметінше, жарыстың келесі күндері де өзбекстандық атлеттер бірқатар бағыттарда - бокс, жеңіл атлетика және гимнастика бойынша финалдық сайыстарға дайындалуда.

Жас спортшыларымыздың бұл жетістіктері олардың еңбегінің жемісі ғана емес, еліміздің спорт саласындағы жаңа буынның әлеуетінің айқын дәлелі. Бахрейн аспаны астында еліміздің туы тағы қанша рет көтерілетінін уақыт көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Өзбекстан спортшылары Бахрейнде жаңа рекордтар мен жеңістер тіркеді