date

Челси және Тоттенхэм Виторға қызығуда

Челси және Тоттенхэм Виторға қызығуда
Палмейрас шабуылшысы Витор Роке Еуропаға оралуға жақын тұр. Жас бразилиялық футболшы "Барселонадағы" сәтсіз кезеңінен кейін, отанында өз мансабын сәтті жалғастырды.

Журналист Экрем Конурдың хабарлауынша, 20 жастағы шабуылшының ойынын Лондонның "Челси" және "Тоттенхэм" клубтары бақылап отыр. Сондай-ақ, футболшыны сатып алуды қарастырып жатқан клубтар арасында "Наполи", "Рома" және "Бетис" те бар.

Айта кету керек, футболшы бұған дейін "Бетис" сапында жалда ойнаған. Витор Роке "Палмейрас" үшін барлық жарыстарда 48 ойын өткізіп, 17 гол соққан және 4 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, бұл өсіп келе жатқан жұлдыздың трансферлік құны 20 миллион еуроны құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Челси және Тоттенхэм Виторға қызығуда