
“Барселона” командасының жұлдызды вингері Ламин Ямал әлі 100 пайыз дайын емес. Barca Universal басылымының журналисі Елена Кондиске сүйенген ақпарына қарағанда, 18 жастағы футболшы әлі де шап аймағындағы ыңғайсыздықтардан зардап шегуде.
Қыркүйек және қазан айларында Ямал шап сүйегіне байланысты мәселелер салдарынан бірнеше “Барселона” ойындарын өткізіп жіберген еді. Спорт дәрігерлері бұған дейін де футболшының қолайсыздықтары оның ойынына жағымсыз әсер ететінін атап өткен болатын.
Өткен демалыс күндері “Барселона” сырт алаңда “Реалдан” 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Каталондықтар турнир кестесінде екінші орында тұрғанымен, мадридтік клубтан бес ұпайға қалып отыр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар