date

Арне Слот: "Ойын үлгімізді толық өзгертуге негіз жоқ"


«Ливерпуль» соңғы жеті ойында алтауда жеңіліске ұшырады. Команданың бас бапкері Арне Слот баспасөз мәслихатында қорғанысқа көбірек көңіл бөлу мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді.

«Бұл менің көзқарастарыма қайшы келеді, бірақ мен принциптеріме қарсы ойындарда да жеңіске жеткенмін. Мысалы, «Манчестер Ситиге» қарсы сырт алаңдағы ойында біз екінші таймда дәл осылай ойнауға мәжбүр болдық.

Мен белгілі бір жағдайларда бейімделуге дайынмын, бірақ біз ашық стильде ойнағандықтан гол өткізіп жатырмыз деп ойламаймын. Әр ойында – мүмкін, «Кристал Пэлас» пен «Брентфордқа» қарсы ойындардан басқа – біз көбірек нәтижеге лайық болдық.

Ойын стилімізді толық өзгертуге негіз көріп отырған жоқпын, бірақ мұндай голдарды жіберіп алмау үшін, әрине, жақсырақ ойнауымыз қажет», – деді Слот баспасөз мәслихатында. Сенбі күні «Ливерпуль» Англия чемпионаты аясында «Астон Виллаға» қарсы үй кездесуін өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Арне Слот: "Ойын үлгімізді толық өзгертуге негіз жоқ"