
«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот көптен күткен Премьер-лига жеңісінен кейін өз пікірлерін білдірді. Мерсисайд клубы «Астон Вилланы» 2:0 есебімен жеңді.
«Ливерпуль» бұл ойынға чемпионатта қатарынан төрт жеңілістен кейін шыққан еді. Бұл сәтсіздік сериясын Мұхаммед Салах пен Райан Гравенберхтің голдары аяқтады.
«Әр ойында командалар арасындағы айырмашылық үлкен емес, бәрін ұсақ детальдар шешеді. 5-минутта «Астон Вилланың» соққысы бағанаға тиді, сондай-ақ бұл жолы біз стандартты жағдайлардан гол жіберген жоқпыз.
Бүгін бізге сәл сәттілік демеді, бұл соңғы уақытта жетіспей жүрген еді. Екінші голымызда да сәттіліктің үлесі болды.
Футболшылар мен жанкүйерлер бүгін жеңіске жету қаншалықты маңызды екенін сезінді. Біз мінез көрсеттік және өз мақсатымызға жеттік,» – деп Слоттың сөздерін BBC келтіреді.
«Ливерпуль» осы жеңістен кейін 18 ұпай жинап, АПЛ турнир кестесінде 10 турдан соң үшінші орынға көтерілді.
<titleСалах пен Гравенберх "Ливерпульге" жеңіс әкелді</title>
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар