
"Тоттенхэм" бас бапкері Томас Франк сенбі күні өткен Англия чемпионаты аясындағы "Челси"ге қарсы ойында жанкүйерлердің наразылықпен ысқырып шығуына өз пікірін білдірді. "Жанкүйерлер алғашқы 30 минутта керемет болды.
Олардың дауысы таңғажайып болды және бұл бізге алға жылжуға көмектесті. Ысқыру — бұл мүлде әділ.
Егер біз қысымға, жағымсыз пікірлер мен сынға төтеп бере алмасақ, онда бұл жерде біздің орнымыз жоқ", — деді бапкер BBC басылымына. Еске сала кетейік, "Тоттенхэм" мен "Челси" арасындағы кездесу 0:1 есебімен "көктердің" пайдасына аяқталды.
"Тоттенхэм" 17 ұпаймен АПЛ-да бесінші орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар