
20 жастағы "Палмейрас" шабуылшысы Витор Роке Еуропаға қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы Diario SPORT хабарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, "Реал Бетис" пен "Барселонаның" бұрынғы футболшысына "Манчестер Юнайтед" ерекше қызығушылық танытып отыр. Хабарға қарағанда, "қызыл шайтандар" Рокені сатып алу үшін шамамен 50 миллион еуро төлеуге дайын.
Бұл трансфер жүзеге асса, "Барселона" аталған келісімнен 10 миллион еуро табыс табады, өйткені бразилиялық футболшы үшін 20% құқық "Барселонаға" тиесілі. Роке осы жылдың басында туған елі Бразилияға қайта оралған еді.
"Палмейрастың" сапында ол барлық жарыстарда 50 ойын өткізіп, 17 гол соқты және 5 нәтижелі пас шығарды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.