date

Микель Артета: "Біз құрметті қалаймыз"


Лондонның "Арсенал" командасының бас бапкері Микел Артета командасының осы маусымдағы күрделі ойын кестесі туралы өз пікірін білдірді. Артета Англия Лига Кубогындағы "Кристал Пэласқа" қарсы ойын күнінен наразы екенін айтты.

Аталған кездесу 23-желтоқсан күні өтеді. Бұл кездесуден екі күн бұрын "зеңбірекшілер" "Эвертонға" қарсы алаңға шығады, ал 27-желтоқсан күні "Брайтонмен" кездеседі.

"Бізде қазір жеті футболшы жарақат алды. Құрамымыздың тереңдігі туралы айту қиын.

Көптеген футболшыларымыздан айырылып қалдық. Егер әр үш күн сайын ойын өткізуді жалғастыратын болсақ...

Біз құрмет болғанын қалаймыз", - деді Артета Sky Sports басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, "Арсенал" Англия чемпионатының алғашқы 10 турынан кейін 25 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Микель Артета: "Біз құрметті қалаймыз"