date

Реал жаңа жұлдызбен келісімге қол жеткізді


Мадридтің "Реал" клубы 2026 жылға дейін өз қорғаныс шебін нығайтуды мақсат етіп отыр. Себебі, Давид Алаба мен Антонио Рюдигер клубтан кетуі мүмкін.

"Патша клубы" Ибраима Конате ("Ливерпуль") және Дайо Упамекано ("Бавария") сынды футболшыларға қызығушылық танытуда. Алайда, мадридтіктер үшін басты нұсқа – Дайо Упамекано болып отыр.

Foot Mercato басылымының хабарлауынша, "Реал" Упамеканомен ауызша келісімге қол жеткізген. Бірақ бұл мәселе әлі толық шешілген жоқ.

"Бавария" футболшыны өз құрамында қалдыруға тырысып, оған жаңа келісімшарт ұсынуда. Сонымен қатар, 27 жастағы француз қорғаушысына "ПСЖ" де қызығушылық білдіруде.

Қазіргі уақытта Дайо Упамеканоның "Бавариямен" келісімшарты 2025/2026 жылғы маусымның соңына дейін жарамды. Бұл оны 2026 жылғы жазда еркін агент ретінде алу мүмкіндігін береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Реал жаңа жұлдызбен келісімге қол жеткізді