date

Энцо Мареска: Эстевано суыққа шағымданып жатыр


«Челси» бас бапкері Энцо Мареска команда жартылай қорғаушысы Эстевау Виллиан туралы пікір білдірді. Маресканың айтуынша, 18 жастағы бразилиялық футболшы жуырда Англияның суығынан шағымданған.

«Біз Эстевауға қолдан келгенше көмек беріп, Англияда өмірге бейімделуіне көмектесудеміз. Өткен аптада ол суыққа шағымданды – әлі тек қазан айы ғана ғой.

Желтоқсан немесе қаңтар айларында не боларын елестетіп көріңіз. Ол бұған үйренуі керек, бірақ әзірге бақытты.

Ол өте жақсы деңгейде ойнап жүр және сөзсіз, өте дарынды футболшы», – деді Мареска баспасөз мәслихатында. Эстевау «Челси» сапында 15 ойынға қатысып, 4 гол және 1 голдық пас авторы атанды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Энцо Мареска: Эстевано суыққа шағымданып жатыр