Райо Валекано Ла Лигада тарих жасады


Райо Вальекано командасы Ла Лига турнирлік кестесінде көш бастап тұрған Мадридтің Реал клубынан ұпай алып қалуға қол жеткізді. Жексенбі күні өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Ескерерлігі, Райо Вальекано ағымдағы маусымда Испания футболының екі алыбы – Барселона мен Реалға қарсы өз алаңында жеңілмеген алғашқы команда атанды. Қыркүйек айында өткен ойын Барселонамен 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.
Иньиго Перес басқаруындағы команда 12 турдан кейін 15 ұпаймен турнирлік кестенің 12-орнында тұр. Келесі турда Райо сапарда Реал Овьедо командасына қарсы алаңға шығады.
Мадридтің Реал клубы болса осы тең ойынға қарамастан, турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды.


















Пікірлер 0
…