date

"Атлетико" ойыншылары Аргентина матчына қатыса алмайды


Мадридтік "Атлетико" клубының үш аргентиналық футболшысы ұлттық құраманың Анголамен өтетін жолдастық кездесуіне қатыса алмайды. Бұл футболшылар Джулиано Симеоне, Джулиан Альварес және Науэль Молина екені белгілі болды.

"Альбиселесте" баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл футболшылар қажетті медициналық құжаттарды ұсына алмаған. Ангола аумағына кіру үшін сары безгекке қарсы екпе сертификаты талап етіледі, бірақ "Атлетиконың" бұл үш футболшысында мұндай құжаттар жоқ болып шықты.

Аргентина мен Ангола арасындағы жолдастық кездесу 2025 жылғы 14 қараша, жұма күні Луанда қаласында өтеді. Еске салайық, Лионель Скалони басқарған Аргентина құрамасы қазіргі уақытта әлем чемпионы саналады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » "Атлетико" ойыншылары Аргентина матчына қатыса алмайды