date

Ливерпуль Конатенің трансферін тоқтатпақ


Әңгіме бойынша қорғаушы Ибраима Конате келесі жазда "Реал" клубына еркін агент ретінде ауысуы мүмкін. Франциялық футболшының мадридтік суперклубпен келісімі бар екендігі жайлы мәлімет тараған.

Алайда, "Ливерпуль" бұл шулы трансфердің алдын алмақшы. Transfer News Live басылымы L’Equipe-ке сілтеме жасап хабарлағанындай, мерсисайдтық клуб Конатеге келісімшартты ұзарту бойынша үшінші ұсынысын жасаған.

"Ливерпуль" басқармасы 26 жастағы қорғаушыны жаңа келісімге көндіреріне сенімді. Ибраима Конате "Ливерпуль" сапында 148 ойын өткізіп, 6 гол соққан және 4 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ливерпуль Конатенің трансферін тоқтатпақ