Фабио Каннаваро ең мықты қорғаушыны атады

2006 жылғы Әлем чемпионы және "Алтын доп" иегері Фабио Каннаваро қазіргі италиялық ең мықты футбол қорғаушысын атады. Оның пікірінше, бұл "Наполи" командасының өкілі Алессандро Буонжорно.
"Италиялық қорғаушылар арасында маған ең қатты ұнайтын ойыншы — Алессандро Буонжорно. Себебі ол тек доппен жұмыс істеуде шебер болып қана қоймай, бүкіл ойын барысында максималды назарын шоғырландыра алады.
Қорғаушы үшін бұл өте маңызды қасиет", - деді Фабио Каннаваро fcinter1908.it басылымына берген сұхбатында. Айта кетейік, қазіргі уақытта танымал маман Өзбекстан ұлттық құрамасын басқарып келеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз