Милан Икариді трансферлеуі мүмкін

Аргентиналық шабуылшы Мауро Икарди Түркияның "Галатасарай" клубынан кетуі мүмкін. Егер бұл орын алса, футболшыны өз қатарына қосуды қалайтын командалардың бірі Италияның беделді клубтары қатарынан "Милан" болуы ықтимал.
Бұл туралы pianetamilan.it хабарлайды. Айта кету қажет, Икарди бұған дейін "Интер" клубы сапында өнер көрсеткен.
Сонымен бірге, неміс журналисі Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Ыстамбұлдың "Галатасарай" клубы Икардиді жібермей, оған жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр. Клуб алдағы күндері келіссөздердің алғашқы кезеңін өткізуге ниетті.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз