date

ӘЧ-2026 бірінші себет құрамалары анықталды


2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тарту барысында бірінші себетке түсетін барлық командалар белгілі болды. Дүйсенбі күні Еуропаның тағы бес құрамасы мундиалға қатысушылар тізіміне қосылды.

Осылайша, бірінші себетке енетін 12 команда анықталды. Турнирдің ұйымдастырушылары АҚШ, Канада және Мексика алғашқы үш орынды иеленсе, Еуропаны ұсынатын Испания, Англия, Нидерланд, Бельгия, Германия, Португалия және Франция да себеттен орын алды.

Сондай-ақ, Оңтүстік Американың дәстүрлі өкілдері – Бразилия мен Аргентина да бірінші себетке енгізілді. Жеребе тарту рәсімі 5 желтоқсан күні өтеді деп жоспарланған.

2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кезең ойындары келесі жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында өтеді. Қазіргі уақытта 48 қатысушының 39-ы белгілі болды.

Толық тізіммен танысуға болады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » ӘЧ-2026 бірінші себет құрамалары анықталды