date

Гаити, Панама және Кюрасао әлем чемпионатына жолдама алды


2026 жылғы Әлем чемпионатының тағы үш қатысушысы белгілі болды. КОНКАКАФ аймағының үшінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Гаити, Панама және Кюрасао ұлттық құрамалары чемпионатқа жолдама алды.

Соңғы турда Гаити құрамасы Никарагуаны 2:0 есебімен жеңсе, Панама командасы Сальвадорды 3:0 есебімен басым түсті. Ал Кюрасао құрамасы Ямайкамен 0:0 тең ойнады. Гаити мен Панама өз тарихында екінші рет Әлем чемпионатына қатысады — олар бұған дейін 1974 және 2018 жылдары өнер көрсеткен болатын.

Ал Кюрасао құрамасы алғаш рет Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. 2026 жылғы Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Турнир ойындары 11 маусымнан 19 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады, олардың 42-сі қазірдің өзінде анықталған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гаити, Панама және Кюрасао әлем чемпионатына жолдама алды