date

Давыдович: Отбасы ақшадан маңыздырақ

Давыдович: Отбасы ақшадан маңыздырақ
Польшалық қорғаушы, Италияның А Сериясында тәжірибесі бар Павел Давыдович, бір кездері "ұзын еуроның" үмітімен Сауд Арабиясына көшіп кеткен болатын. Алайда, небәрі үш аптадан кейін ол өзін бөтен сезінген "Аль-Хазм" клубын тастап, еліне қайта оралды.

Tuttomercatoweb сайтына берген сұхбатында ол бұл шешімінің себептерін түсіндірді. "Отбасы мен үшін ақшадан қымбат.

Жұбайым жүкті еді, бұдан бөлек, кішкентай баламыз бар болатын. Мұндай жағдайда Сауд Арабиясында қалу өте қиын болды.

Ондағы өмір маған ұнамады, ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар мүлдем аз болды. Әйелдердің ер азаматсыз көшеге шығуына тыйым салынғаны да маған оғаш көрінді", - деді Давыдович.

Ол бұған дейін Италияда сегіз жыл жұмыс істеген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Давыдович: Отбасы ақшадан маңыздырақ