date

Мальдини - "Милан" символы


Италияның "Милан" клубының бұрынғы футболшысы Массимо Амброзинидің пікірінше, клубтың бүкіл әлемдік символы Паоло Мальдини болып табылады. "Егер әлем бойынша қызыл-қара түсті ту туралы айтылса, оның бет-бейнесі, символы және жүрегі Паоло Мальдини.

Кімде-кім Паоло туралы теріс пікір айтса, ол "Милан" үшін оның не маңызға ие екенін және "Миланның" оның өмірінде қандай орны бар екенін түсінбейді", - деп мәлімдеді Амброзини pianetamilan.it сайтына берген сұхбатында. Айта кетейік, Мальдини "Милан" сапында 1985 жылдан 2009 жылға дейін ойнаған.

Одан кейін, ол 2023 жылдың жазында клубтың америкалық қожайындары тарапынан жұмыстан босатылғанға дейін басшылық қызмет атқарған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мальдини - "Милан" символы