
Ағылшын премьер-лигасының 12-турында Лондонның "Челси" клубы қонақта "Бернлиді" 2:0 есебімен жеңді. OptaJoe мәліметтері бойынша, "Челси" АПЛ тарихында бастапқы құрамында 30 жастан асқан футболшыларсыз қатарынан 50 ойын өткізген екінші команда болды.
Бұған дейін мұндай нәтижеге тек "Астон Вилла" қол жеткізген еді. Олар 2012 жылғы қыркүйектен 2014 жылғы қаңтарға дейін барлығы 59 ойын қатарынан бұл рекордты орнатқан.
12 турдан кейін "Челси" 23 ұпаймен АПЛ турнирлік кестесінде екінші орында тұр және бірінші орындағы командадан үш ұпайға қалып отыр. Келесі турда Энсо Мареска шәкірттері өз алаңында "Арсеналды" қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.