Винисиус Жуниор жаттығуға кешігіп келді

Мадридтің "Реал" клубы таңғы жаттығуын негізгі құрам ойыншыларының бірі Винисиус Жуниордың қатысуынсыз бастады. Бразилиялық футболшы белгіленген уақыттан бес минутқа кешігіп келген.
El Chiringuito басылымының хабарлауынша, Винисиус отырған көлік жаттығу базасына белгіленген уақыттан кейін келген. Бұл жағдай "Реалдың" Ла Лига аясындағы 14-турда "Жиронаға" қарсы өткізген сырт алаңдағы кездесуінен бір күннен соң орын алған.
Еске сала кетейік, 30 қараша күні өткен аталмыш ойын 1:1 есебімен тең нәтижемен аяқталған. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз