date

Гвардиола журналистерді қалжыңдатты


«Манчестер Сити» сейсенбі күні Премьер-лига аясында өткен ойында «Фулхэмді» 5:4 есебімен жеңді. 54-минутта "қалалықтар" 5:1 есебімен алға шықты, алайда ойын оңай аяқталған жоқ: 57-минуттан 78-минутқа дейін "коттеджшілер" үш гол соғып, ойынды теңестіруге жақындады.

Дегенмен, соңында «Фулхэм» мақсатына жете алмады. «Есеп 5:1 болғанда, сіз «Манчестер Сити тағы да көш бастады» деген тақырыппен мақалалар жаза бастадыңыз.

Бірақ біз үш гол жіберіп алдық – сөйтіп, сіздер барлық мақалаларыңызды тастап, жаңа мәтін жазуға мәжбүр болдыңыздар», – деді «Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола ойынан кейінгі сұхбатында. Келесі турда «Манчестер Сити» 6 желтоқсан, сенбі күні «Сандерлендке» қарсы ойын өткізеді.

Қазіргі таңда Гвардиола командасы Премьер-лига турнирлік кестесінде екінші орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола журналистерді қалжыңдатты