date

Майнц бас бапкер Бо Генриксенмен қоштасты


Германияның "Майнц" футбол клубы бас жаттықтырушысы Бо Хенриксенмен қоштасқанын ресми түрде жариялады. 50 жастағы маман клубты 2024 жылдан бері басқарған еді.

Бо Хенриксен өткен маусымда Бундеслиганың ең үздік жаттықтырушысы деп танылды. Ол өз командасын алтыншы орынға шығарып, Еуропа турниктеріне жолдама әкелген болатын.

Алайда ағымдағы маусымда "Майнц" өте сәтсіз нәтижелер көрсетуде. Қазір команда турнир кестесінің ең төменгі сатысында – 18-орында тұр және бар болғаны 6 ұпай жинаған.

12 турдан кейінгі жағдай бойынша команданың 15-орындағы қарсыласынан айырмашылығы үш ұпайды құрап отыр. Бо Хенриксен алдыңғы бапкерлік қызметінде бірнеше Дания клубтарында жұмыс істеген, сондай-ақ Швейцарияның "Цюрих" командасын басқарған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Майнц бас бапкер Бо Генриксенмен қоштасты