
"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола 2026 жылғы Әлем чемпионатының фавориттері туралы өз пікірін білдірді. "Фавориттер өзгеріссіз.
Біз олардың барлығын білеміз. Егер 4-5 фаворитті атауды сұраса, көпшілігі бірдей командаларды айтар еді.
Мен болсам, олардың арасында Англия ұлттық құрамасы болуын қалаймын. Бұл артық мақтау болып көрінбесін, бірақ мен мұнда көп жылдан бері тұрамын және бұл елдің бір бөлігіне айналдым.
Мен Тухель мен құраманың соңғы қадамды жасап, осындай жетістікке жетуін өте қатты қалаймын", - деді Гвардиола баспасөз мәжілісінде. Хосеп Гвардиола 2016 жылдың жазынан бері "Манчестер Сити" клубын басқарып келеді.
Сонымен қатар, 6 желтоқсан сенбі күні "Манчестер Сити" Премьер-лигада "Сандерлендпен" кездесу өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.