
Келесі турда Италия чемпионаты аясында «Наполи» Туриннің «Ювентус» командасына қарсы алаңға шығады. Осыған байланысты, Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы Андреа Доссена бұл клубтардың бас бапкерлері — Антонио Конте мен Лучано Спаллетти арасын салыстырды.
«Конте — бұл кепілдік. Спаллетти де әрдайым табысқа жеткен, бірақ оған уақыт керек болады.
Конте жағдайды бірден өзгертетін тұлға. Ал Спаллетти кәсіби және жүйелі жұмыс жасайды, бірақ салыстырмалы түрде баяулау.
Мысалы, Гасперини «Ромада» қандай нәтиже көрсеткенін айта аламын — ол бірден үлкен жетістікке жетті, тіпті команда құрамы мінсіз болмаса да», — деді Доссена derbyderbyderby.it сайтына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, Андреа Доссена 2017 жылы футболшылық мансабын аяқтаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.