date

Доссена үздік бапкерді атады

Италиялық қорғаушы Андреа Доссена
Италиялық қорғаушы Андреа Доссена өзінің спорттық мансабында бірнеше клубтарда, соның ішінде Англияның "Ливерпуль" және Италияның "Наполи" клубтарында доп тепкен. Журналистер одан мансабындағы ең үздік бапкерді таңдап беруін сұрады.

"Тек бір маманды шабыттандырушы деп айта алмаймын. Әр бапкерден аздап үйрендім.

Тактика бойынша Маурицио Сарри маған өте ұнайды, ал физикалық дайындық жағынан Джан Пьеро Гасперини жоғары бағаға лайық. Бірақ барлығын тұтастай алғанда, Антонио Контені ең үздігі деп санаймын", – деп Доссенаның сөзін derbyderbyderby.it сайты келтіреді.

Еске сала кетейік, Андреа Доссена футболшы ретінде өз мансабын 2017 жылы аяқтаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Доссена үздік бапкерді атады