Антони: "Анчелоттимен мүмкіндігіміз бар"

Антони: "Анчелоттимен мүмкіндігіміз бар"
Испанияның "Бетис" клубының шабуылшысы Антони Бразилия құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы мүмкіндіктерін бағалады. "Бұл – арман: ұлттық құрама жейдесін киіп, Әлем чемпионатында ойнау.

Анчелоттимен бізде мүмкіндік бар. Бұл бапкер жеңіске жетуді біледі.

Бразилия әрбір жүлде үшін күресу керек", – деді Антони Marca басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі 5 желтоқсан күні Вашингтонда өтті.

Нәтижелер бойынша, Бразилия Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларына қарсы ойнайды. Әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында өтеді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар