Ламин Ямалдың әкесі трибунадан кетті


“Барселона” жұлдызы Ламин Ямалдың әкесі Мунир Насрауидің “Бетиске” қарсы матчты соңына дейін көруге мүмкіндігі болмады. Ойын барысында “көк-гранаталылар” Севильяда 5:3 есебімен жеңіске жетті.
18 жастағы вингер 59-минутта пенальтиден гол соқты. Алайда 70-минутқа қарай Мунир Насрауи жеңісті тым қатты тойлағандықтан, жанындағы жанкүйерлердің наразылығына тап болды.
Осыдан кейін қауіпсіздік қызметкерлері араласып, оны трибунадан кетуін сұрады. Ойынның соңғы минуттарында Ханс-Дитер Флик шәкірттері екі гол жіберіп алды, бірақ соған қарамастан үш ұпайға қол жеткізді.
Ламин Ямал бұл кездесуде өзі үшін үйреншікті емес шабуылдың артындағы орталық позицияда ойнады.


















Пікірлер 0
…