date

Серхио Рамос командасыз қалды

Серхио Рамос командасыз қалды
39 жастағы испаниялық футболшы Серхио Рамос Мексиканың "Монтеррей" клубынан кетті және қазір еркін агентке айналды. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желілерде хабарлады.

Рамос клубтағы соңғы ойынын өткізгенін растады. Инсайдердің айтуынша, Серхио Рамос футболшылық мансабын аяқтауды жоспарлап отырған жоқ және жаңа ұсыныстарға ашық.

Бұған дейін Рамостың Еуропаға қайтуды және 2026 жылғы Әлем чемпионатында Испания ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуді мақсат еткені туралы хабарлар тараған еді. Рамос Еуропадағы мансабы барысында "Севилья", "Реал Мадрид" және "ПСЖ" клубтарында ойын көрсеткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Серхио Рамос командасыз қалды