date

Милан "Ториноны" жеңеді - сарапшы

Италия чемпионаты 14-тур матчі
Италия чемпионатының 14-тур аясында "Милан" сырт алаңда "Торино" командасымен күш сынасады. Осы кездесуге байланысты пікірлерін Мәскеудің "Спартак" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Александр Мостовой білдірді.

"Менің ойымша, "Торино" да гол сала алады, "Милан" да. Алайда, бәрібір "Миланның" ойын сапасы мен құрамдағы артықшылығы өз сөзін айтуы керек.

Менің болжамым: "Миланның" жеңісі", - деді сарапшы "Stavka TV" арнасына берген сұхбатында. "Торино" мен "Милан" арасындағы кездесу бүгін, 8 желтоқсан күні Турин қаласындағы стадионда өтеді.

Мәскеу уақытымен 22:45-те басталатын ойынның алдында, алаң иелері А Сериясының турнирлік кестесінде 13-орында, ал қонақтар 3-орында орналасқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Милан "Ториноны" жеңеді - сарапшы