date

Хави Алонсоның "Реалдағы" соңғы мүмкіндігі


Дүйсенбі күні таңертең Мадридтің "Реал" клубы шұғыл жиналыс өткізіп, команданың бас бапкері Хаби Алонсоның болашағына қатысты мәселені талқылады. Бұл туралы EL MUNDO хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, басшылық әзірге түпкілікті шешімге келген жоқ, себебі клуб басшылығы екіге бөлінді. Хабарланғандай, Чемпиондар лигасы аясындағы "Манчестер Ситиге" қарсы алдағы ойын Алонсоның "Реалдағы" соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін.

Бұған дейін "Реал" Ла Лиганың 15-турында өз алаңында "Сельтаға" ұтылып, "Барселонадан" төрт ұпай артта қалған болатын. Соңғы бес кездесудің ішінде "Реал" тек бір ғана жеңіске қол жеткізген.

Сонымен қатар, Хаби Алонсоның команда ішінде өз беделін жоғалтқаны жайында да хабарлар таралған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хави Алонсоның "Реалдағы" соңғы мүмкіндігі