
Мадридтің "Реал" клубының орталық қорғаушысы Давид Алаба биылғы маусым соңында командадан кетеді. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөздерге сәйкес, 33 жастағы австриялық футболшы клубпен 2026 жылғы маусым айында аяқталатын келісімшартын ұзартуды жоспарламайды. Алаба 2021 жылы "Реал" сапына қосылған болатын.
Осы маусымда ол барлық турнирлерде тек төрт ойынға қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді. Қазіргі уақытта қорғаушы жарақатынан қалпына келу үдерісінде.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Алаба нарықтық құны төрт миллион еуроны құрайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.