date

Эрлинг Холанд Беллингемді сағынғанын айтты


«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Реал Мадрид» жұлдызы, жартылай қорғаушы Джуд Беллингем туралы өз пікірін білдірді. Ол Дортмундтың «Боруссия» клубында Беллингеммен бірге ойнаған уақыттарын еске алып, сол кезеңді сағынғанын айтты.

«Джуд – керемет адам. Мен оны қатты сағындым, онымен бірге ойнауды да сағындым.

Дортмундтың «Боруссия» клубында біз көптеген керемет сәттерді бірге өткіздік. Ол шынымен де өте жақсы адам, сондықтан оны сағындым», – деді Холанд City Xtra басылымына берген сұхбатында, TNT Sports деректеріне сүйеніп.

Еске сала кетейік, «Манчестер Сити» сәрсенбі күні сырт алаңда «Реал Мадридті» 2:1 есебімен жеңді. Аталған ойында Эрлинг Холанд пенальтиден гол соқты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Эрлинг Холанд Беллингемді сағынғанын айтты