date

Беллингем: "Жанкүйерлердің наразылығын түсінемін"


Мадридтің "Реал" клубының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Чемпиондар лигасында "Манчестер Ситиге" қарсы өз алаңында жеңілгеннен кейін жанкүйерлер наразылығына пікір білдірді. "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесуде "Реал" 28-минутта есеп ашты, бірақ соңында 1:2 есебімен "қалалықтардан" жеңілді.

Ойыннан кейін Беллингем CBS Sports-қа берген сұхбатында былай деді: "Бүгін бір нәрсе өзгергенін сездім. Енді әрқайсымыз өзімізді дамытуымыз керек екенін түсіндік.

Жанкүйерлердің бізге наразылығын түсінемін. Өйткені біз әлемнің ең үздік клубында ойнап жүрміз және адамдар бізді қолдау үшін қомақты қаражат жұмсайды." Жексенбі күні мадридтік команда Ла Лига аясында "Алавеске" қарсы сырт алаңда кездесу өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Беллингем: "Жанкүйерлердің наразылығын түсінемін"