Руи Кошта Италияны және ондағы достарын сағынғанын айтты

Португалиялық бұрынғы футболшы, қазіргі Лиссабонның «Бенфика» клубының президенті Руй Кошта Италияны қатты сағынатынын мойындады. Ол футболшы мансабындағы көп бөлігін дәл осы Италияда өткізген: алдымен «Фиорентина», содан кейін «Милан» сапында ойнаған.
«Өкінішке қарай, «Бенфика» сияқты клубтың президенті ретінде басқа істерге уақыт табу өте қиын. Мен Флоренцияны да, Миланды да қатты сағындым.
Италияда көптеген достарым бар, сол жерге барғанда бәрінің халін сұрап үлгеруге уақыт жетпей жатады. Бұл ауыр сезім», — деп Руй Коштаның сөзін pianetamilan.it жариялады.
Айта кетейік, Португалия чемпионатының 14-туры қорытындысы бойынша «Бенфика» турнирлік кестеде үшінші орында тұр. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз