date

Бавария Кейнмен келісімді жазда талқылайды


“Бавария” шабуылшысы Гарри Кейн клубтан кетуді жоспарлап отырған жоқ. Ағылшын футболшысының қолданыстағы келісімшартында Англия Премьер-лига клубтарына оны салыстырмалы түрде төмен бағада сатып алу мүмкіндігін беретін өтемақы тармағы бар екеніне қарамастан, әзірге шабуылшы отанына қайтуды көздемейді.

Sport Bild мәліметінше, “Бавария” мен Кейн арасындағы келісімшартты ұзарту туралы келіссөздер жазда, клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталғаннан көп ұзамай өткізілуі жоспарланған. 32 жастағы футболшының Мюнхен клубымен қолданыстағы келісімі 2027 жылдың ортасына дейін жасалған.

Ағымдағы маусымда “Тоттенхэмнің” бұрынғы капитаны Винсент Компани командасы сапында 24 матчта 29 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бавария Кейнмен келісімді жазда талқылайды