date

Барселона Левандовскимен келісімшартты ұзартуға асығар емес


«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовский келесі жазда клубты еркін агент ретінде тастап кетуі мүмкін. Marca басылымының хабарлауынша, «қызыл-көк» команда басшылығы польшалық футболшымен келісімшартты ұзарту қаншалықты орынды екеніне қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ.

Клуб Левандовскийдің жас факторын да ескеру үстінде: ол 2026 жылдың тамыз айында 38 жасқа толады. Дегенмен негізгі алаңдаушылықтардың бірі — футболшының жарақаттарға бейімділігі.

Соңғы кездері денсаулығына байланысты мәселелер себебінен ол жиі қатардан шығып қалуда және бұл маусым соңында онымен қоштасу ықтималдығын арттыруы мүмкін. Бұған дейін Левандовский жалақысын төмендету шартымен келісімшартты ұзартуға дайын екендігі туралы ақпарат тараған болатын.

Футболшыға MLS өкілі «Чикаго Файр» да қызығушылық білдіруде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Барселона Левандовскимен келісімшартты ұзартуға асығар емес