date

Аморим Майну жайлы айтып, Роналду мен Руниді еске алды


“Манчестер Юнайтед” бас бапкері Рубен Аморим ағымдағы маусымда алаңға сирек шығып жүрген жартылай қорғаушы Кобби Майнуға қатысты қойылған келесі сұраққа жауап берді. Баспасөзде 20 жастағы ағылшын футболшысы португалиялық маманның сенімі жетіспеуінен қысқы трансфер кезеңінде клубтан кетуі мүмкін деген қауесеттер арта түсті.

“Кобби өз орны үшін күресуі керек. Менің ойымша, 20 жасында “Манчестер Юнайтед” қосалқы құрамында отыру соншалықты жаман емес.

Мен Роналду қосалқы құрамда отырған кездерді, Рунейдің кейде қосалқы құрамда қалғанын да еске аламын. Верон алаңға шықпаған күндер де болған.

Мен клуб тарихын білемін. Келіңіздер, ақылға қонымсыз сөздер мен артық шу-шудан аулақ болайық.

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, мен тек жеңіске жетуді және Майнудың одан әрі күшеюіне көмектесуді қалаймын”, – деді Аморим баспасөз мәслихатында. Қауесетке сүйенсек, Кобби Майну қаңтар айында Италияның “Наполи” клубына жалға кеткісі келуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Аморим Майну жайлы айтып, Роналду мен Руниді еске алды