date

Хаби Алонсо «Реалдағы» көп жарақаттардың себебін түсіндірді


Мадридтің «Реал» клубының бас бапкері Хаби Алонсо командадағы жарақаттардың не себептен көбейгені жөнінде пікір білдірді. «Қаймақтастар» 2025 жылдың соңғы кездесуінде бірнеше маңызды ойыншыларынан айырылғанымен, өз алаңында «Севильяны» 2:0 есебімен жеңді.

Алонсоның айтуынша, жарақаттардың көптігіне бірнеше фактор әсер етеді. «Неге бізде жарақат алғандар соншалықты көп?

Бұған әртүрлі факторлар себеп болады. Мәселен, біреу жарақат салдарынан қатардан шықса, өзгелерге көбірек ойнауға тура келеді.

Нәтижесінде жүктеме артып, олар да жарақат алады. Бұл — тұйық шеңбер.

Эдер Милитао да дәл осындай жағдайдан зардап шекті», — деп Алонсоның сөздерін Madrid Zone жеткізеді. «Реалдың» келесі ойыны 4 қаңтар күні «Бетиске» қарсы өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хаби Алонсо «Реалдағы» көп жарақаттардың себебін түсіндірді