date

"Вольфсбург" бас бапкері болып Даниэль Бауэр тағайындалды


43 жастағы маман Даниэль Бауэр «Вольфсбург» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар арасындағы еңбек шарты 2027 жылдың ортасына дейін жасалған. Бауэр қараша айынан бастап, Пол Симонис қызметінен кеткеннен кейін, «қасқырлар» командасында бас бапкердің міндетін уақытша атқарып келген еді.

«Сенім білдіргендері үшін клубқа ризашылығымды білдіремін. Соңғы апталарда жақсы жұмыс жасадық.

Алға қарай қозғалысты жалғастыруымыз керек», — деді бапкер. Бундеслигада 15 турдан кейін «Вольфсбург» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында тұр.

Команда келесі кездесуін 11 қаңтар күні Мюнхеннің «Бавария» клубына қарсы «Алльянц Аренада» өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Вольфсбург" бас бапкері болып Даниэль Бауэр тағайындалды