date

Бавария Бундеслигада жаңа рекорд орнатты


«Бавария» Германия Бундеслигасы тарихында рекорд жасады. Opta хабарына сәйкес, мюнхендік команда 2025 жыл бойы чемпионаттың 34 турының әрбірінен кейін турнир кестесінде бірінші орында болды.

Бундеслига тарихында бұған дейін ешбір команда күнтізбелік жылдағы барлық турлардан кейін көшбасшылық орынды сақтаған емес. «Баварияның» бұл рекордын басқа бір команданың қайталауы өте қиын, тіпті мүмкін емес деуге болады.

Мұндай рекордты жаңарту мүлдем мүмкін еместей көрінеді. 2025 жылғы соңғы ойында «Бавария» сырт алаңда «Хайденхаймды» 4:0 есебімен ірі жеңіске жетті.

Венсан Компани командасы Бундеслигада көшбасшы орынды сақтап тұр және екінші орындағы «Боруссиядан» 9 ұпайға алда келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бавария Бундеслигада жаңа рекорд орнатты