Фермин Лопес «Барселонада» өзінен не талап етілетінін айтты

«Барселонаның» шабуылшы орта алаң ойыншысы Фермин Лопес команда бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің одан не талап ететіні туралы пікір білдірді. 22 жастағы футболшы әрдайым «көк-гранаталы» командасының негізгі құрамында алаңға шықпайды, бірақ оның биылғы маусымдағы статистикасы әсерлі — 18 ойында 7 гол және 4 нәтижелі пас.
«Бапкер меннен жоғары қарқынды, прессингке белсенді қатысуды, тікелей ойын көрсету, допқа иелік еткенде сабырлы болу, айып алаңына қосыла шабуыл жасау және қақпаға соққы жасауды талап етеді. Мен әрдайым осындай стильде ойнауға тырысқанмын.
Флик маған сенім артады, онымен жұмыс істеу маған ыңғайлы», — деді Фермин сұхбатында. 3 қаңтар күні «Барселона» Ла Лигада «Эспаньолға» қарсы ойнайды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз