date

Мбаппе 2026 жылғы «Алтын доп» негізгі үміткері болуда


«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы қорытынды бойынша «Алтын допты» жеңу үшін негізгі фаворит болып есептеледі. Score 90 порталының мәліметінше, француз шабуылшысы бұл сыйлық үшін жарыста көш бастап тұр.

Екінші орында «Манчестер Сити» футболшысы Эрлинг Холланд, үшінші сатыда «Барселона» өкілі Ламин Ямал тіркелген. Негізгі үміткерлер бестігіне сонымен қатар «Бавариядан» Гарри Кейн және «Арсеналдан» Деклан Райс те енген.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Алтын допты» «ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле иеленген. Қазіргі маусымда Килиан Мбаппе «Реал» сапында барлық жарыстарда 27 матчқа қатысып, 30 гол соқты және 5 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе 2026 жылғы «Алтын доп» негізгі үміткері болуда