date

"Барселона" Кистенсенге жаңа келісімшарт ұсынбақ

"Барселона" Кристенсенге жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр
"Барселона" орталық қорғаушысы Андреас Кристенсен ауыр жарақат салдарынан тағы да ұзақ уақыт алаңнан тыс қалады. 29 жастағы даниялық футболшы "Вильярреалға" қарсы соңғы ойынының алдында алған жарақатына байланысты шамамен төрт ай бойы ойнамайды.

Кристенсен оңалу мерзімін естіп таң қалған, бірақ клуб оны қолдауға дайын. Esport3 хабарына қарағанда, "Барселона" президенті Жоан Лапорта футболшыға жалақысын азайту шартымен бір жылдық жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін орталық қорғаушы келісімшартты ұзартуға және жалақыны төмендетуге келісетінін айтқан болатын. Ағымдағы маусымда Кристенсен Ханс-Дитер Флик командасында 17 ойынға шығып, бір гол соққан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Барселона" Кистенсенге жаңа келісімшарт ұсынбақ