date

Маркиньос Франция азаматтығын алғысы келеді

Маркиньос Франция азаматтығын алғысы келеді

ПСЖ сапында ұзақ жылдардан бері доп теуіп жүрген бразилиялық қорғаушы Маркиньос Франция азаматтығын рәсімдеуді көздеп отыр. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Футболшының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар әлдеқашан басталған. Осылайша ол Францияның өзіне қаншалықты көп нәрсе бергенін көрсеткісі келеді. «13 жылдан бері осында тұрамын, балаларым Парижде туған. Болашақта да осында қалып өмір сүру туралы ойлап жүрмін», — деп Маркиньостың сөзін L’Equipe келтіреді.

31 жастағы қорғаушы Париж клубымен келісімшарт бойынша 2028 жылдың ортасына дейін байланысты. Оның нарықтық құны 30 миллион еуроға бағаланады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Маркиньос Франция азаматтығын алғысы келеді