date

Роналду 40 жасында да футболдан кетпей жүр

Роналду 40 жасында да футболдан кетпей жүр

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 40 жасында да алаңға шығуын неге жалғастырып жүргенін түсіндірді. Португалиялық жұлдыздың айтуынша, ол әлі де жоғары мотивациясын сақтап отыр. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.

Роналду Globe Soccer Awards салтанатында сахнадан сөйлеп, футболды жалғастыру оңай емес екенін, бірақ оның ішкі құлшынысы бәрінен жоғары екенін айтты. Оның сөзінше, ол әлі де жеңіске жетуді, жүлделер ұтып алуды және гол соғуды қалайды.

Белгілі болғандай, Роналду Таяу Шығыстың ең үздік футболшысы жүлдесін иеленді. Бұл марапат оған қатарынан үшінші жыл табысталды.

40 жастағы футболшы биылғы күнтізбелік жылы 40 гол соғып үлгерген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Роналду 40 жасында да футболдан кетпей жүр