date

Тони Кроос бірге ойнаған ең мықты футболшыны атады

Тони Кроос бірге ойнаған ең мықты футболшыны атады

Германия құрамасы мен Мадридтің «Реал» клубында ойнаған бұрынғы жартылай қорғаушы Тони Кроос мансабы барысында бір командада бірге ойнаған ең үздік футболшыны атады. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.

AS басылымының мәліметінше, Кроос бұл таңдауда Криштиану Роналдуға тоқтаған: «Роналду — мен бірге ойнаған ең жақсы футболшы», — деді ол.

Еске салайық, Кроос пен Роналду «Реал» сапында 2014 жылдан 2018 жылға дейін бірге ойнаған.

Кроос футболшылық мансабын аяқтады. Ал 40 жастағы Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында «Әл-Насрдың» намысын қорғап жүр. Португалиялық шабуылшының келісімшарты 2027 жылғы маусым айының соңына дейін есептелген, оның нарықтық құны 12 млн еуроға бағаланады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тони Кроос бірге ойнаған ең мықты футболшыны атады