date

Дембеле 2025 жылы үш беделді жүлденің үшеуін де жеңіп алды

Дембеле 2025 жылы үш беделді жүлденің үшеуін де жеңіп алды

ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік футболшысы деп танылды. Осылайша ол жыл соңына қарай ең беделді үш жеке марапатты да иеленіп, жеке жетістіктерін толықтырды. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.

Бұған дейін Дембеле «Алтын допты» жеңіп алған, сондай-ақ ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы жүлдесіне де ие болған еді.

2025/2026 маусымында клуб деңгейінде ол 14 ресми матчқа қатысты. Осы ойындарда шабуылшы 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Қазір ПСЖ Францияның Лига 1 кестесінде екінші орында келеді. Луис Энрике командасы көшбасшы «Ланстан» бар болғаны бір ұпайға қалып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Дембеле 2025 жылы үш беделді жүлденің үшеуін де жеңіп алды