ПСЖ Фабиан Руиспен келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

«Пари Сен-Жермен» жартылай қорғаушы Фабиан Руиспен келісімшартты ұзарту мәселесін күн тәртібіне шығарды. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.
29 жастағы футболшының қолданыстағы келісімі бір жарым жылдан кейін аяқталады. Алайда журналист Орацио Аккомандоның мәліметінше, тараптар жаңа келісім бойынша келіссөздерді бастап кеткен.
Руис ПСЖ сапында 2022 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Ағымдағы маусымда Луис Энрикенің командасында барлық турнирлерде 19 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшының бағасын 40 миллион еуро деп көрсетеді.
Discuss with Zamin AIAnalyze the news, get useful answers











Пікірлер 0
…