date

«Реал» Винисиус Жуниордың болашағын айқындады

«Реал» Винисиус Жуниордың болашағын айқындады

Мадридтің «Реал» клубы шабуылшы Винисиус Жуниормен ынтымақтастықты жалғастыруды көздеп отыр. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Журналист Альберто Перейроның мәліметінше, БАҚ-тағы түрлі қауесеттерге қарамастан, «корольдік клуб» бразилиялық футболшымен жаңа келісімшартқа қол қоюды әлі де қалайды. Винисиустың өзі де «Реалда» қалуға үміттенеді.

Винисиус 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға «Реалға» ауысқан. Оның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ағымдағы маусымда ол мадридтіктер сапында 30 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы бразилиялық футболшыны 150 миллион еуроға бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Реал» Винисиус Жуниордың болашағын айқындады